Қостанай облысында сүт пен шұжық өндіріс ұлғайтылды

24 Қараша 2023, 16:03 1798

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов берген ақпаратқа сәйкес, 10 айдың қорытындысы бойынша Қостанай облысы республика бойынша тамақ өндірісі бойынша бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылдың екінші жартысынан бастап осы жылдың наурыз айына дейін облыста өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды, қазір біз жағдайды тұрақтандырып, өндіріс көлемін біртіндеп арттырып келеміз. Қазір өнеркәсіп көлемі 16,1%-ға өсіп, 2 трлн теңгені құрап отыр. Өңдеу өнеркәсібі өндіріс көлемінің өсуі машина жасау өндірісінің 33,9%-ға, тамақ өнімдерінің 10,5%-ға, сусындар өндірісінің 5,5%-ға артуы есебінен қамтамасыз етілді. Жеңіл және жүк көліктері, тракторлар, қатарлы орақтар, кондитерлік өнімдер, май, ет, сүт, шұжық өнімдері мен ұн өндірісі ұлғайтылды, - деді Ақсақалов.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: