14.01.2023
11:32
1923
Қостанай облысында сенатор сайлауына 255 мәслихат депутаты қатысуда

Қостанай облысында сенатор сайлауына 255 мәслихат депутаты қатысуда

Қостанай қаласының Жастар сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттіг ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Таңғы 10:00-ден бастап Жастар сарайы есігін айқара ашты. Мұнда, сондай-ақ Қостанай облысының аудандары мен қалаларында сайлаушыларын тіркеу жүргізілуде. Жалпы залға кіреберісте кандидаттар туралы ақпарат бар стенд орнатылған.

Бастапқыда облыстан 5 өтініш берілген, бірақ екі кандидат ОСК-да тіркеуден өтпеген. Бүгінге дейін Қостанай облысынан сенаторлыққа үш үміткер ұсынылды.

«Құрметті барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары. Таңдаушылардың бірлескен отырысының күн тәртібінде бір мәселе – Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бар. Бірлескен отырысқа 255 депутат қатысып отыр, қалған 8 депутат дәлелді себеппен қатыса алмады», - деді жиынды ашқан Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ещанов.