Қостанай облысында қаза тапқан мұғалімдер туралы тың дерек шықты

17 Желтоқсан, 18:33 3736

Қостанай облысында жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан мұғалімдер туыстарын көруге асыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

16 желтоқсанда Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан көз жұмған үш адамның екеуі - мұғалімдер. 

Мұғалімдер мейрам күні ағайын-туғанымен көрісуге жол тартқан, - деді Қостанай облысы білім басқармасы.

Айта кетейік, Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тасжолында  Volvo мен Toyota Alphard көліктері соқтығысып, бірнеше адам қаза тапқан еді.

16 желтоқсанда Қостанай облысының аумағында жол апатынан екі педагог қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз. Қостанай ауданы Заречный мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сондай-ақ Алтынсарин ауданы Үлкен-Чураков жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тасжолында апаттан қаза тапты. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, - делінген Қостанай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: