15.02.2025
18:33
969
Қостанай облысында қар құрсауында қалған үш адам құтқарылды

Қостанай облысында қар құрсауында қалған үш адам құтқарылды

Қостанай облысында қарға қамалып қалған үш адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арқалық – Жезқазған тас жолында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Көлікте үш адам болған. Олар өздігінен шығуға қауқарсыз болғандықтан, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көмекке келген, — делінген хабарламада.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, көлікті қардан шығарып, қауіпсіз жерге дейін жеткізді. Абырой болғанда, жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады.