Қостанай облысында полицейлер жолда қалған 100-ден астам шетелдікке көмектесті

22 Ақпан, 18:31 711

Қостанай облысында полицейлер аязда жолда қалған 100-ден астам шетелдік азаматқа көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, 22 ақпанда Қарабалық кентінің маңындағы республикалық маңызы бар М-36 Екатеринбург – Алматы автожолында техникалық ақаулыққа байланысты екі автобус істен шықты. Автобустардың жанар-жағармайы қатып қалған.

Бірінші Тәжікстан – Екатеринбург бағытындағы автобусының ішінде 55 Тәжікстан азаматы оның ішінде 6 бала болған. Екінші автобуста Шымкент – Челябі бағытында Өзбекстанның 58 азаматы оның ішінде 12 бала болған. Барлық жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылып, Қарабалық кентінің жылыту пункттеріне орналастырылды, - делінген мәліметте.

Бұл жерде құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: