Қостанай облысында полицейлер 90-нан астам адамды эвакуациялады

5 Сәуір, 09:20 2351

Полицейлер құтқарушыларға Қарасу ауданындағы Қарамырза кентінің тұрғындарын эвакуациялауға көмектесті. Олардың арасында балалар, әйелдер және мүгедектер бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, өз бетінше қозғала алмайтын тұрғындарды полицейлер түрлі құралдарды пайдалана отырып, көтеріп алып шықты.

Қарасу ауданының полиция бөлімінің бастығы Руслан Төлеубаевтың айтуынша, ер адамдар су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге қалған.

Қараусыз қалған үйлер жергілікті полицияның бақылауына алынды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: