08.09.2024
05:28
1926
Қостанай облысында мектептің қабырғасы опырылып түсті

Қостанай облысында мектептің қабырғасы опырылып түсті

Қостанай облысында мектептің қабырғасы опырылып түсті. Жергілікті әкімдік пен мердігер ұйым өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл мектепте 300-ден астам оқушы білім алады. Абырой болғанда, мектептің 3-қабаттағы қабырғасының бір бөлігі сенбіде қирап қалған. Бұл күні оқушылар демалыста болды.

Қостанай облыстық әкімдігі қоғамдық басқару басқармасының мәліметінше, мектепте балалар мен мұғалімдер болған жоқ, зардап шеккендер жоқ.