Қостанай облысында мас жүргізуші өзін жолаушы қылып көрсеткен

26 Қараша 2023, 19:50 739

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу шарасы барысында Тобыл қаласындағы патрульдік полиция қызметкерлері 2017 жылдан бері автокөлікті басқаруға құқығы жоқ 34 жастағы «Мерседес» жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, жүргізуші мас күйінде болған.

Тоқтаған кезінде жүргізуші алдыңғы жолаушылар орындығына ауысып, өзін жолаушы секілді көрсетті. Ал көлікте басқа ешкім болмады. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды. Бүгін жүргізушіні Қостанай аудандық соты 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Берік Арманов
Бөлісу: