Қостанай облысында көлік өртенді

18 Мамыр, 05:26 485

17 мамыр күні түнде Қостанай-Қарабұтақ тас жолында көлік өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, өрт құтқарушылардың күшімен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

ТЖМ барлық автокөлік жүргізушілерін көлік құралының сымдарының жарамдылығын үнемі тексеруді және аталмыш оқиғаларды болдырмау үшін мұқият болуға шақырады.

Перизат Саденова
Бөлісу: