Қостанай облысында кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан 10 адам ұсталды

9 Қаңтар 2023, 20:21 1416

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Қостанай облысында бопсалаумен айналысып келген 10 адам күдікті ретінде қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қостанай облысының Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс аумағында ұзақ уақыт бойы бопсалаумен және өзге де қылмыс түрлерімен айналысып келген қылмыстық топты ұстаған.
Аталған басқармасының бастығы Серік Байғоновтың айтуынша, жедел шаралардың нәтижесінде өңірдің түрлі аумағында бопсалауға және басқа да қылмыс түрлеріне қатысы бар 10 күдікті ұсталды.

«Қылмыстық топ облыс тұрғындарына қатысты 12 қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді. Олардың арасында кәсіпкерлер де бар. Жалпы шығын 10 млн теңгеден асты. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген полиция мәліметінде.

EL.KZ
Бөлісу: