Қостанай облысында есірткіні тарату схемасы анықталды

11 Қаңтар 2023, 19:07 931

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

ҚМА мен ІІМ бірлескен іс-қимылдары арқасында Қостанай облысында есірткіні тарату схемасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚМА терроризмді, есірткі бизнесі мен жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы Департаментінің қызметкерлері ІІМ-нен телеграм-канал арқылы есірткі сату туралы келіп түскен ақпарат шеңберінде талдау жүргізіп, Қостанай облысында есірткі сатушыларды анықтады.

Заманауи технологияларды қолданудың арқасында банктік шоттар бойынша күдікті операциялар көзге түсті, сол арқылы қылмыстық схеманы ашу мүмкіндігі туды.

Талдау нәтижесінде 350-ден астам есірткі тұтынушылары мен оларды есірткі таратушылардың ұйымдастырушылары анықталды. Талдау көрсеткендей, маусымнан қыркүйекке дейін заңсыз әрекеттің айналымы 41 млн теңгеден асты.

Қаржылық операциялардың талдау нәтижелері сатушыларды тұтқындау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Қаржылық мониторинг агенттігі ел азаматтарының денсаулығына орны толмас зиян келтіретін қылмыстарды анықтау және жолын кесу жөніндегі белсенді жұмысты жалғастыратын болады.

EL.KZ
Бөлісу: