Қостанай облысында Лисаковтегі жанармай құю бекетінде ер адам кофе сатып аламын дегенше көлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Полицияға жанармай құю станциясына тоқтап, кофе сатып аламын дегенше көлігін ұрлап кеткен Денисов ауданының тұрғыны шағым түсірді.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, іздеуге Лисаков қаласының патрульдік полициясының қызметкерлері Инкар Махангалеев және Әлібек Жүнісов жедел кірісті.
Ұрлаушы бір сағат ішінде ұсталды. Көлік Лисаков қаласынан 10 шақырым қашықтықта табылды. Күдікті – сол ауылдың тұрғыны. Полиция көлікті заңды иесіне қайтарып берді, ал ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген мәліметте.