28.08.2023
11:38
1544
Қостанай облысында бойжеткен қайыңға асылып қалған

Қостанай облысында бойжеткен қайыңға асылып қалған

Қостанай облысында саңырауқұлақ терушілер қайыңға асылып қалған қызды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«НГ» мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Жанында көлігі тұрған.

Қайтыс болған қыздың денесі 27 тамызда Архиповка ауылынан 5 шақырым жерде табылған.

Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген Қостанай облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Бойжеткеннің жеке басы анықталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, сараптама тағайындалды.