Қостанай облысында әкім қызметінен босатылды

2 Тамыз 2023, 16:33 1196

Ақпаратты Қостанай облыстық әкімдігі растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Обыс әкімінің 31 шілдедегі бұйрығымен Бекмұхамедов Ғазиз Ерболатұлы өкілеттілік мерзімі аяқталуына және өзінің өтініш беруіне байланысты Қамысты ауданы әкімі қызметінен босатылды, - делінген мәліметте.

Бекмұхамедов бұл лауазымды қызметті 2017 жылғы шілдеден бері атқарып келген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: