01.07.2024
12:48
964
Қостанай облысында 70 шетел азаматы құтқарылды

Қостанай облысында 70 шетел азаматы құтқарылды

Бүгін таңертең Арқалық қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан Жезқазған - Петропавл автожолында автобустан ақау шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ құтқарушылары автобустан Тәжікстанның 70 азаматын эвакуациялады.

Құтқарылғандар Арқалық қаласының автостанциясына жеткізілген. Автобустағы ақау жөнделген соң қозғалыс жалғасады. Медициналық көмек қажет болмаған.