Қостанай облысында 3 балықшы құтқарылды

15 Наурыз, 03:24 464

15 наурыз күні сағат 00-37-де Сарыкөл ауылынан 6 шақырым жерде Сарыкөл көлінің маңында жеңіл автокөлік жолаушылары қар құрсауында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД құтқарушыларымен жеңіл автокөліктен 3 балықшы құтқарылды.

Медициналық көмек қажет емес.

Зарина Арман
Бөлісу: