27.03.2024
19:03
1513
Қостанай облысында 12 адам тікұшақпен құтқарылды

Қостанай облысында 12 адам тікұшақпен құтқарылды

«Қазавиақұтқару» қызметкерлері Ми-8 тікұшағымен 12 адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Қостанай облысы Екіді елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан ТЖМ «Қазавиақұтқару» қызметкерлері Ми8 тікұшағымен 12 азаматты құтқарды.

Құтқарылғандар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді.

Оларға медициналық көмек қажет болмаған.