Қостанай мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

28 Қыркүйек 2023, 18:36 671

Астанада 30 қыркүйек пен 1 қазанда өтетін жәрмеңкеге Қостанай мен Ақтөбе облыстарының шаруалары ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді, деп хабарлайды El.kzақпараттық агенттігі.

Жәрмеңке әдеттегідей Тәуелсіздік даңғылындағы ҚазҰӨУ алдындағы алаңда өтеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін Қостанай облысының 14 ауданынан және 3 қаласынан: Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таранов, Федоров, Ұзынкөл аудандары мен Арқалық, Рудный, Қостанай қалаларынан 50-ден астам кәсіпорын сататын болады.

Облыс кәсіпорындары 400 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін сатуды жоспарлап отыр: Мал еті – 51 тонна, сүт өнімдері – 35, шұжық өнімдері мен ет жартылай фабрикаттары – 23, жарма мен макарон өнімдері – 30, картоп пен көкөніс – 70, ұн – 50, сондай-ақ нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, сусындар, бал және т.б.

Жәрмеңкеде бренді бүкіл республика бойынша және одан тыс жерлерде танымал сүт және ет кәсіпорындары болады.

Сонымен қатар, жәрмеңкеге Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының 12 ауданынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шаруалар мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

Елорда қонақтары мен тұрғындарына мынадай өнімдер ұсынылады: 80 тонна ет, 61 тонна картоп пен көкөніс, 30 тонна сүт өнімдері, 17 мың жұмыртқа, 6 тонна балық, бір тонна бал, 10 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна ұн мен макарон өнімдері.

Барлық өнімдер нарықтық бағадан арзан сатылады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: