Полиция қызметкерлері мен тұрғындардың жедел әрекеттерінің арқасында өрттен 3, 10, 11 жастағы кәмелетке толмағандар, 18 жастағы қыз, 29 жастағы әйел және 50 жастағы ер адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға орнында ТЖБ жеке құрамы да келді.
Өрттің салдарынан зардап шеккендер Астана қ. қалалық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілді. Қазіргі кезде 3 подъезд тұрғындары толық эвакуланды, орындаушы органдармен 10 тұрғын қонақ үйге орналастырылды, - деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.