Қосшыда әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға арналған 120 пәтерді сатып алу жоспарланып отыр

18 Маусым, 07:31 462

Қосшы қаласына қарасты «Лесная поляна» тұрғын алабында кезекте тұрғандар үшін пәтерлер берілетін «Ақ шаңырақ» және «Dream Park» тұрғын үй кешендеріндегі 20 пәтерде қоныс тойы жақын арада тойланады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі. 

«Алтын ұя 2021» ЖШС құрылыс компаниясының директоры Азамат Әміржанов «Dream Park» ТК құрылысы мен әрлеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізілгенін хабарлады. Пәтерлер таза әрленген күйінде, санфаянс және газ плиталарымен жабдықталған.

Қосшы қаласындағы 120 пәтерді сатып алуға бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлінді. Жалпы облыс бойынша осы санатқа жалпы құны 16 млрд теңгені құрайтын 840 пәтер бөлінеді, - деп атап өтті құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Азамат Байқуанышев.

Кездесу соңында өңір басшысы басты талап - тұрғын үйдің сапасы және барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету екендігін, сондай-ақ ішкі әрлеу жұмысының да  сапасы маңыздылығын атап өтті.

Пәтерлер тұрғын үй алатын әрбір отбасы үшін қосымша шығынсыз, бірден келіп тұра алатындай барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі тиіс, - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Перизат Саденова
Бөлісу: