Қосшыда 20 отбасыға пәтер кілттері табысталды

7 Шілде, 03:35 806

Ақмола облысы Қосшы қаласында Астана күніне орай 20 отбасы баспаналы болды. ҰОС ардагеріне, көпбалалы аналар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға «Dream Park» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтердің кілттері табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа тұрғындардың қуанышын бөлісуге аймақ басшысы Марат Ахметжанов арнайы қатысты.

Бүгінгі іс-шара Мемлекет басшысының қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған саясатының айқын көрсеткіші және нақты жүзеге асырылуының көрінісі. Өз шаңырғағыңда өмір сүру -  әр отбасы  үшін үлкен мереке. Өңірде жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алуда. Тек соңғы жылдары облыста тұрғын үй құрылысына 200 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, 2 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде шамамен 12 мың ақмолалық отбасы баспана мәселесін шеше алды, - деді облыс әкімі.

Пәтер алғандардың қатарында жас тұрғындар Максим Муштаенко мен Владимир Глазков бар.

Мен немерелерімнің қамқоршысымын. Біз бүгінгі қуанышты ұзақ күттік.  Мемлекет басшысына  азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасап,  баспана мәселесін шешіп, қамқорлық  танытып жатқанына  алғысымды білдіремін- дейді Леонид  Муштаенко.

Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, Қосшы қала мәртебесін алғаннан бері  267 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2384 отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік туды. Жыл соңына дейін Қосшы қаласынан тағы 100-ге жуық пәтерді азаматтарға сатып алу жоспарлануда. Бұл көпбалалы отбасылардың, жетімдердің, мүгедектердің және басқа да әлеуметтік маңызы бар санаттағы тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Зарина Арман
Бөлісу: