26.05.2024
20:06
1095
Қосшы тұрғындары жарықсыз қалды

Қосшы тұрғындары жарықсыз қалды

26 мамыр күні Ақмола облысының Қосшы қаласының тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұған апат себеп болған.

26 мамыр күні сағат 10:00-де Қосшы қаласындағы электр желілерінде апат болып, салдарынан 700 абонент жарықсыз қалды, – делінген мәліметте.

Бұған дейін толассыз жауын-шашынға байланысты Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағы су астында қалғанын жазғанбыз.