17.07.2024
05:11
871
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар 610 млрд теңгеге жетті

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар 610 млрд теңгеге жетті

2023 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар 610 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 37,2% артық (444,5 млрд теңге). Шығындардың ең көп көлемі Ақмола облысында тіркелді – 127,7 млрд теңге, бұл жалпы көлемнің 20,9% құрайды. Одан кейін Атырау (89,1 млрд теңге), Павлодар (59,4 млрд теңге) және Ақтөбе (51,2 млрд теңге) облыстары.

Табиғатты қорғау қызметіне жұмсалған ең төменгі шығындар Жетісу облысында – 1,5 млрд теңге. Табиғатты қорғау шығындарының едәуір үлесі (97,2%) өнеркәсіп кәсіпорындары тарапынан болған. Табиғатты қорғау қызметінің түрлері бойынша энергия үнемдеу технологияларына және энергия тиімділігін арттыруға (жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда) жұмсалған шығындар жалпы көлемнің 33,2% құрады, қалдықтарды басқаруда – 21,6%, атмосфералық ауаны қорғау және климат өзгеру проблемаларында – 20%.