Қорғаныс министрлігінде ЖОО-ға 1,5 мың орын бөлу онлайн түрде өтті

21 Қазан 2023, 09:03 589

Оған әскерде борышын өтеп жатқан жауынгерлік даярлықтың үздіктері іріктеліп алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғары оқу орындарына жеңілдік шарттарымен оқуға бөлу рәсімі жылына екі рет жүргізіледі.

Мерзімді әскери қызмет сарбаздарын оқу орындарына іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы министрдің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен өтті. Оның жұмысына Қарулы Күштердің басшылық құрамы, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысты.

Бұл жолы байқауға 17 мыңның үстінде 2022 жылы күзде әскерге шақырылғандар ұсынылды. Оған қатысуға 11 мыңнан аса сарбаз ниет білдірді.

Бүгінде запасқа шығарылатын әскери қызметшілерге 1500 орын бөлініп отыр. Бұған жауынгерлік дайындықтан рейтингі жоғары сарбаздар іріктелді. Оларға ЖОО-ға ҰБТ тапсырусыз ақысыз түсу құқығы беріледі. Сондай-ақ, бұл лекпен 800-ден астам мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар жоғары оқу орындарында оқуға ниет білдірді, – деп түсіндірді бас инспектор – Қорғаныс министрінің көмекшісі Айгүл Төлембаева.

Қорғаныс министрлігі іріктеу ыңғайлы және ашық өтуі үшін «Срочники 2.0» цифрлық платформасын енгізгенін айта кеткен жөн. Онда сарбаздардың деректері және олардың қызмет ету кезеңіндегі бағалары көрсетіледі. Бұл ретте жауынгерлік даярлық, жеке тәртіп, арнайы міндеттерді толық орындауы, үміткердің психологиялық мәртебесі де ескеріледі.

«Срочники 2.0» электрондық жүйесі барлық параметрлер бойынша әскери қызметшінің ағымдағы бағаларын ауыстыра алмайтындығына кепілдік береді. ҰБТ-дағыдай сертификаттар оларды бұрмалау мүмкіндігінсіз QR-кодпен автоматты түрде қалыптастырылады.

Жоғары оқу орындарына түсу үшін берілген сертификаттарды байқау жеңімпаздары «Срочники 2.0» платформасынан ала алады. Тізімдер әлеуметтік желілерде жарияланып, жоғары оқу орындарына жіберіледі.

Асқар Таудай
Бөлісу: