02.10.2023
20:10
1294
Қорғаныс министрлігінде Швейцария дипломаттарымен кездесу өтті

Қорғаныс министрлігінде Швейцария дипломаттарымен кездесу өтті

Швейцария Конфедерациясының өкілдерін  Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әскери атташе полковник Кристоф Гертчпен және Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салман Балмен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілері талқыланды.

Тараптар бітімгерлік қызмет саласындағы екіжақты қатынастарға ерекше назар аударды.