Қорғаныс министрлігі трансгендер Амилайға қатысты пікір білдірді

6 Желтоқсан, 06:37 11092

Амилай атымен танымал трансгендердің әскерге шақыртылғанын Қорғаныс министрлігі растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қорғаныс департаменті блогер Амилайдың (шын аты-жөні Абылай Баймұратов) әскерге шақыртуына қатысты пікір білдірді. 

Жасы толған барлық азаматқа шақырту жіберіледі. Әлеуметтік мәртебесі, қызметі және басқа да факторлар ескерілмейді. Стандартты хабарландыруға сәйкес, 2000 жылы туылған Б. деген азамат қорғаныс ісі басқармасына шақырылды. Әскерге бару-бармау мәселесін медициналық құжаттар негізінде дәрігерлер шешеді. Алматы қорғаныс департаменті теңдік және заңды сақтау қағидатын ұстанады. Барлық азаматқа бірдей амал жасалады, – дейді басқарманың баспасөз қызметі.

Перизат Саденова
Бөлісу: