Қорғаныс министрлігі елордалықтарға ескерту жасады

28 Маусым, 18:34 357

Қорғаныс министрлігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысты елорда тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезінде Астана қаласында елорданың әуе кеңістігін күзету күшейтілетін болады.

Осыған байланысты 28 маусым мен 1 шілде аралығында Қарулы күштер авиациясының ұшу қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жаттығу ұшулары өткізіледі. Астана тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген ақпаратта.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: