Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты шындықты айтты

3 Шілде 2023, 15:21 1365

Қорғаныс министрлігі депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кетті деген ақпаратқа қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Нұрасыл Болат қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен. Әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Аталмыш факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды, - делінген министрлік мәліметінде.

Айта кетейік, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы соққыға жығып, жарақат алған адвокат Анна Чернова атышулы іске қатысты жаңа деректерімен бөліскен еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: