14.09.2024
02:45
1137
Қорғаныс министрі Бейжіңде ХІ-ші Сяншань форумының ашылу салтанатына қатысты

Қорғаныс министрі Бейжіңде ХІ-ші Сяншань форумының ашылу салтанатына қатысты

Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі адмирал Дун Цзюньнің шақыруымен  Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған Қазақстанның әскери делегациясы халықаралық қауіпсіздік жөніндегі «Сяншань» форумының жұмысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Форум аясында ҚХР және Моңғолия қорғаныс ведомстволарының басшыларымен және ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары генерал-полковник Чжан Юсямен екіжақты жұмыс кездесулері өткізілді.

Сапар барысында бірқатар қорғаныс нысандарына бару жоспарланған.