Ақмола облысының төтенше жағдай қызметкерлері Қорғалжын ауданында өртенген қамысты сөндіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта төтенше оқиғаға байланысты Шалқар ауылынан 25 км жерде қамыс өртеніп, аудан әкімінің және Ақмола облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ бастығының басшылығымен жедел штаб құрылған.
Тілсіз жауды сөндіруге 43 адам және 17 техника жұмылдырылды.
Қатты желдің әсерінен және жердің батпақты болуына байланысты өрт негізінен ауадан сөндіріліп жатыр. Осыған дейін қамыстағы отқа 52 рет көлемі 150 тоннадан астам су шашылған.