Жамбыл облысы Қордай ауданында жанармай құю бекетінде жеңіл көлік өртеніп, өрт соңы жарылысқа ұласа жаздады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыстық ТЖД пультіне Қордай ауылындағы жанармай құю бекетінде жеңіл автокөліктің өртенуі туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу ТЖМ күштері мен құралдары жетіп, жеңіл автокөлік пен үш жанар май құю колонкасын жалын шарпығаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында қызыл жалын кезінде оқшауланып, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ жанармай құю бекеттерінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ескертеді.