18.02.2024
13:37
1116
Қордайда қарлы боран кезінде 18 адам құтқарылды

Қордайда қарлы боран кезінде 18 адам құтқарылды

Жамбыл облысы Қордай ауданында қарлы боран кезінде қар құрсауында қалып қойған 18 адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

18 ақпанда түнде сағат 01.30-дан 03.40-қа дейін Қордай ауданында республикалық маңызы бар автомобиль жолының жабық учаскесінде ТЖД, 28123 әскери бөлімі және "ҚазАвтоЖол" АҚ қызметкерлерінің күштерімен қар құрсауында қалған 5 жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылған. Онда 18 адам  құтқарылып, Кенен ауылының жылыту пунктіне жеткізілді.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысының ТЖД қызметкерлері «Сарыөзек-Көктал» облыстық автожолында қар құрсауында қалған 67 азаматты эвакуациялап, жылыту пунктіне жеткізген болатын.

Оқи отырыңыз: