Қор нарығында доллар тағы арзандады

1 Шілде 2023, 17:15 805

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,93 теңгеге төмендеп, 1 доллар 449,33 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 452,51 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 449,5 теңге, сатып алу – 451,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447 теңгеден болса, сатып алу – 451.

Алматыда Ресей рублі 4,99 – 5,23 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,98 - 5,08 теңгеден сатылуда.

Равиль Ашығали
Бөлісу: