Қор нарығында доллар қымбаттай бастады

6 Наурыз 2023, 18:00 896

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,77 теңгеге көтеріліп, 432,83 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің бір долларға арналған ресми бағамы 431,08 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 436,38 теңгеден сатып алынып, 439,90 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 435,96 теңге, сату – 441,06 теңге. 

EL.KZ
Бөлісу: