Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 1,18 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 446, 36 теңгені құрады. Ұлттық банктің 7 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,29 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,69 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 446,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 449,1 теңге. Ал Астана қаласында сату – 447,1 теңге, сатып алу – 451,1 теңге. Ресей рублі 4,59 – 4,83 теңге аралығында саудаланып жатыр.