Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

10 Мамыр 2023, 16:45 712

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметінше, доллар бағамы бірден 0,93 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444,16 теңгені құрады.

Ал, Ұлттық банктің 10 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар 445,28 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 443,5 теңге, сатып алу – 446,5 теңге.

Астана қаласы бойынша сату бағамы – 441 теңгеден болса, сатып алу – 445.

Алматыда Ресей рублі 5,6-5,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,57-5,67 теңгеден сатылуда.

Равиль Ашығали
Бөлісу: