Қор нарығында доллар бағамы күрт төмендеді

2 Қараша 2022, 20:49 2835

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,01 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 5,24 теңгеге төмендеп, 1 доллар 460,56 теңге болды.

Ұлттық банктің 2 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 466,22 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,01 теңгеге арзандап, 7,61 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 468 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңге болса, сатып алу – 466 теңге.

Ресей рублі 7,12-7, 32 теңге аралығында саудаланып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: