Қор нарығында доллар арзандады

25 Тамыз 2023, 18:04 1025

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,56 теңгеге төмендеп, 1 доллар 460,17 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462,04 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 459 теңге, сатып алу – 462,3 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 457,5 теңгеден болса, сатып алу – 461,5

Алматыда Ресей рублі 4,71 – 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,74 – 4,84 теңгеден сатылуда.

Равиль Ашығали
Бөлісу: