Қор нарығында доллар арзандады

2 Тамыз 2023, 17:08 999

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметінше, доллар 1,28 теңгеге төмендеп, 1 доллар 443, 66 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 445, 04 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 443,9 теңге, сатып алу – 446 теңге. Ал Астана қаласы бойынша АҚШ валютасы 442,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 446 теңге. Алматыда Ресей рублі 4,71 – 4,95 теңге аралығында, Астанада 5,48 - 5,58 теңге аралығында сатылуда.

Равиль Ашығали
Бөлісу: