Қор нарығында доллар арзандады

9 Қаңтар 2023, 17:07 1541

Қазақстан қор биржасы деректерді мәлім етті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,95 теңгеге төмендеп, 1 доллар 462, 49 теңге болды.

Ұлттық банктің 9 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 463, 31 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 468 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 462,8 теңгеден болса, сатып алу – 465,8.

Ресей рублі 6,35 – 6,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 9 қаңтар күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,45 теңге болды.

EL.KZ
Бөлісу: