Қор нарығында доллар арзандады

29 Желтоқсан 2022, 16:26 1221

 Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,53 теңгеге төмендеп, 1 доллар 460, 98 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461, 23 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 463 теңге, сатып алу – 467,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,3 теңгеден болса, сатып алу – 465,5.

Ресей рублі 6,25 – 6,37 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 29 желтоқсан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,49 теңге болды.

EL.KZ
Бөлісу: