Қор нарығында доллар 2 теңгеге жуық арзандады

18 Шілде 2023, 18:00 1278

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,99 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444,15 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 446,34 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 445 теңге, сатып алу – 447 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 442,5 теңгеден болса, сатып алу – 446 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,81 – 5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасының құн – 4,84 – 4,94 теңге.

Равиль Ашығали
Бөлісу: