30.10.2022
13:10
3498
Қоңырөлең мен Жаркент тұрғындары жер сілкінісін сезінді

Қоңырөлең мен Жаркент тұрғындары жер сілкінісін сезінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 00 сағат 08 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 241 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасты.

Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты – 10,5. MPV магнитудасы – 4,9. Тереңдігі – 25 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісі Жетісу облысының Қоңырөлең кентінде – 2-3 балл, Жаркентте 2 балл қуатпен сезілген.