Қонаевтың бір бөлігі Алатау қаласы құрамына өтеді

10 Шілде, 11:50 649

Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының «Алатау қаласының шекарасын белгілеу туралы» бірлескен шешімі әзірленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шешімге сәйкес, Алатау қаласының шекарасы, оның шекарасына Қонаев қаласы, Іле және Талғар аудандары жерлерінің жалпы көлемі 88267,0086 гектар бөліктерін қосу арқылы белгіленетін болды. Атап айтқанда, Алатау қаласының шекарасына Қонаев қаласының 10937,0052 гектар жері, Іле ауданының 65213,0004 гектар, Талғар ауданының 12117,003 гектар жері кірмек.

Құжат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды және 23 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: