25.06.2024
09:04
1057
Қонаевта екі жасар бала пәтерде қамалып қалған

Қонаевта екі жасар бала пәтерде қамалып қалған

Алматы облысының Қонаев қаласында пәтерде қамалып қалған 2 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, оқиға қалалық көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Ересектердің қарауынсыз қалған бала пәтер ішінде жабылып қалған. Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен балкон арқылы пәтерге кіріп, есікті ішінен ашты, - делінген мәліметте.

Бала ата-анасына аман-есен тапсырылған.