Қонаев қаласында «Жергілікті ҮЕҰ-дың мемлекеттік басқару ісіне қатысуы» тақырыбында Алматы облысының Азаматтық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Форум азаматтық қоғам мен билік арасындағы серіктестікті нығайтып, ашық диалогты жалғастыруды мақсат етті. Іс-шараға министрлік өкілдері, Азаматтық альянс, қоғамдық кеңестер, саяси партиялар, кәсіподақтар және өңірден келген 100-ден астам делегат қатысты.
Панельдік сессияларда азаматтық қатысудың жаңа формалары, жастар мен әйелдердің басқаруға араласуы, ауылдық бастамалар және ашық үкімет қағидаттары талқыланды.
Форум соңында әлеуметтік дамуға үлес қосқан ҮЕҰ өкілдері марапатталды.