29.01.2025
01:27
863
Қонаев қаласында пәтерде қамалып қалған 4 жастағы бала құтқарылды

Қонаев қаласында пәтерде қамалып қалған 4 жастағы бала құтқарылды

Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары пәтерде қамалып қалған балаға аман құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Қонаев қаласының көп қабатты пәтерлердің бірінде орын алған. Шақырту орнына дереу келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері төртінші қабаттағы пәтерге үш иінді баспалдақтың көмегімен кірді. 

2021 жылы туған қыз бала аман есен ата-аналарына тапсырылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады, - деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.