Қонаев гарнизонында табельдік қарудан ату чемпионатының қорытындысы шығарылды

29 Тамыз, 20:06 712

XXI Спартакиада аясында ҚР Қарулы күштерінің құрама командалары арасында 32363 әскери бөлімінің базасында Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан нысанаға ату чемпионаты өтті, декп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған 11 команда құрамында 66 әскери қызметші қатысты. Спортшылар ПМ-3-тен қозғалмайтын нысана бойынша 25 метрге және АК-74-тен үш позициядан нысана бойынша 100 метрге атуда өз шеберліктерін көрсетті.

Былтыр Макаров тапаншасынан жаттығуда мен 282 ұпай жинадым. Бұл жолы нәтижені үш ұпайға жақсарта алдым. Көпжылдық жарыстарға қатысу маған белгілі бір тәсілді жасауға мүмкіндік берді. Нәтиже жинақылықты, шыдамдылық пен табандылықты қажет ететін жаттығуларға байланысты, – деп бөлісті Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшісі подполковник Қазбекхан Қазиев.

Чемпионат қорытындысы бойынша ПМ-3 және АК-74-тен атыс бойынша жалпыкомандалық есепте Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрама командасы үздік деп танылды. Екінші орында – Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері, үшінші орында – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының спортшылары.

Нәтижелерді ескере отырып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, грамоталар мен кубоктар табыс етілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: