«Қолжетімді Интернет». Ауылдар қашан сапалы интернетпен қамтылады?

20 Маусым 2023, 16:14 852

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылдың қараша айында Сенаттың 2022 жылға арналған бюджет жобасын талқылау жөніндегі отырысында Сенат депутаттары барлық ауылдарды кең жолақты интернетпен қашан қамтамасыз ететіндігі туралы сұрақ қойды. Министр Мусин 2022 жылдың аяғы мен 2023 жылдың басында Қазақстанның кез келген жерінде әрбір адам егер ол қажетті интернетті сатып алса, кең жолақты Интернетке қосылу мүмкіндігіне ие болатынын айтқан.

Бұл жұмысты қолдау үшін 2020 жылы байланыс операторларына бес жылдық салықтық жеңілдіктер беру үшін заңнамалық түзетулер енгізілді. Бюджетке түспеген қаражат, ең алдымен, ауылдық аумақтарда сапалы интернетті ілгерілету жөніндегі жобаларды іске асыруға бағытталуы тиіс еді. Сәуір айындағы Үкімет отырысында сіз ауылдардың тек 77% - ы кең жолақты мобильді интернетке қосылғанын, ал жалпы саны 200 мыңнан астам адам болатын 1432 ауыл кең жолақты мобильді интернетпен мүлдем қамтамасыз етілмегені туралы баяндаған болатынсыз, - дейді Сенат депутаты.

Депутат сайлаушылармен кездесулер барысында Мен және менің әріптестерім ауылдардың Интернетке қол жеткізе алмайтындығына көз жеткізгенін айтты.

Қазір 2023 жылдың ортасы болды, алайда елдегі ауылдардың шамамен 23% - ы әлі де мобильді интернетпен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар, Қазақстан Интернет жылдамдығы мен сымсыз кең жолақты интернеттің ену деңгейі бойынша аутсайдер елдердің қатарынакіреді. Дегенмен Жоғары аудиторлық Палатаның есебінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша Интернетке кең жолақты қол жетімділіктің үй желілеріне ену деңгейінің көрсеткіші асыра орындалғаны көрсетілген, - деп толықтырды сенатор.

Сенат депутаты министрден қалған 23 пайыз ауылдық елді мекендер сапалы интернетпен қашан қамтамасыз етілетінін сұрады. Сондай-ақ «Қолжетімді Интернет» жаңа ұлттық жоба аясында               2023-2027 жылдарға қандай шараларды қарастыруды жоспарланғанын сұрады.

Қазіргі уақытта 1932 ауылдық елді мекен интернеттен тыс қалып отыр. Бірақ сіз айтқан салықтың жеңілдіктердің арқасында 629 ауылдарды интернетке қостық. 1300-ден ауылда жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, интернеттің сапасы жақсарды. Яғни, жаңа құрылғылар орнаттық. 1932 шағын ауылдарды да интернетке қосу жоспарланған. Сіз айтқан бағдарлама аясында 928 ауылға интернет қосып, 504 ауылға спутниктер арқылы жеткіземіз. Осы жылы 170 ауыл, келесі жыл 330 ауылды қамтамасыз етеміз. Тек қана мобильдік интернет проблема емес, сапасына әсер ететін кабельдермен қамту мәселесі бар. Сол үшін жекеменшік серіктестіктер арқылы 3 мың ауылдық елді мекенге оптикалық инфрақұрылым дамыту үшін субсидия болады, - деп жауап берді Бағдат Мусин.

Сонымен қатар, автожолдарды интернетке қосу үшін 500-ге жуық антеналық тректер орнатылады. Бұл 17 мың шақырымдағы автожолдарды қамтиды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: