«Қолымды қысты». Байжанов Салтанатты соңғы рет тірі көрген сәтін айтты

11 Сәуір, 13:53 12128

Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов сот отырысында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол қайғылы оқиға болған күні Салтанат Нүкенованы бірнеше рет көргенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Бишімбаевтың мейрамхана ашық болғанына қатысты бірнеше рет айқайлағанын жеткізді.

Ол мейрамхананың жабылуын талап етті, алайда себебін айтпады. Бишімбаевпен ешқашан дауласқан емеспін, оның нұсқауларына қарсы шықпағанмын. Салтанатты соңғы рет көргенімде орнынан тұрып, қолымды қатты қысты. Ол тірі еді, оның қашан өлгенін білмеймін, - деді Байжанов.

Сондай-ақ, ол Бишімбаевтың жазбаны алып тастауға бұйрық бергенін мойындады.

Бұған дейін,  Нүкенованың өлім себебін зерттеген сарапшы қазақстандықтарға алғыс айтқанын хабарлаған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: